Фото: x.com/IranNewsUpdate1
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы тоғыз күнде 35 адам опат болған, 1200-ден астам азамат ұсталған. Қаза болғандардың 29-ы наразылыққа қатысушылар, төртеуі балалар, екеуі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.
Наразылық шаралары кемінде 88 қалада өтіп, елдің 31 провинциясының 27-сін қамтыған. Алғашында шағын елді мекендерде күш қолдану күшейіп, кейін дүмпу ірі қалаларға тараған. Соның ішінде Мешхед пен Тегеран бар. Ел көлемінде кемінде 17 жоғары оқу орнында студенттер акцияларға қосылған. Студенттік медианың хабарлауынша, күштік құрылымдар университет кампустары аумағында рейдтер жүргізе бастаған.
Ирандағы қақтығыс: Құрбандар саны артып, жағдай ушығып барады
5 қаңтарда Иранның сот жүйесі өкілдері ұсталғандарға жеңілдік болмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін елдің жоғарғы төрағасы Әли Хаменеи тәртіпсіздіктерге қатысқандарға қатаң шара қолдану керегін айтқан.
Наразылықтар 28 желтоқсанда Тегерандағы бас базарда басталған. Көптеген саудагер инфляция мен бағаның шарықтауына қарсы дүкендерін жапқан. 29 желтоқсанда риал тарихи минимумға түсті, шамамен 1 риал 0,00002 еуроға теңесті. Дүниежүзілік банк дерегіне сай, қазан айында Ирандағы азық-түлік инфляциясы 64,2 пайызға жеткен, бұл көрсеткіштен тек Оңтүстік Судан ғана жоғары.
Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды