Фото: Үкімет
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту де тапсырылды.
«Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруы тиіс», деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша туризм министрлігі мен әкімдіктерге де тапсырма жүктеді.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды. Сондықтан барлық тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте, әр өңірде өзінің туризмді дамыту бағдарламалары бар», деді Олжас Бектенов.Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын ұсына отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Оған қосымша Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласындағы кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.