Фото: polisia.kz
Алаяқтыққа қатысты қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді.
Былтыр Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан 7 call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды.
Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай 6 орталықтың қызметі жойылды.
Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Интернеттің дамуына байланысты «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлық интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолданып жатыр. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық іс-шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.