Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің Қырғыз Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Әбибиллә Құдайбердиевпен кездесуі өтті.
«Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып келеді. Еліміздің арасында өзара іс-қимылдың қамтылмаған салалары қалған жоқ, соның айғағы ретінде саяси, экономикалық, мәдени және әскери салалардағы белсенді үнқатысулар болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық мән береді. Осыны негізге ала отырып, Ауғанстандағы және іргелес орналасқан аумақтардың жауынгерлік іс-қимылдарында негізделген шетел мемлекеттерінің жауынгерлік даярлық тәжірибесін зерделей отырып, өзіміздің Қарулы Күштерімізді нығайтуға барынша күш-жігер салып жатырмыз», – деді Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Екіжақты немесе орталықазиялық бірлескен оқу-жаттығуларды әртүрлі сценарийлер бойынша өткізу мүмкіндігін қарастыруды мақсатқа сәйкес деп ойлаймын. Сонымен қатар, біздің Қарулы Күштердің жедел үйлесімділігін арттыратын таулы-орманды жерлерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу мүмкіндіктерін, заңсыз қаруланған құралымдармен күресу түрлері мен әдістерін зерделей отырып, жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу мақсатында біздің сарапшылардың кездесуін өткізуді ұсынамын», – деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті. Қырғызстан аумағының 15 пайызы таулы жерлер. Және сәйкесінше бұл мәселеде тәжірибелеріңіз мол. Қазақстандағы таулы аумақ – 10%, бірақ, соның өзінде жауынгерлік іс-қимылдар өтетін мемлекеттердің аумағымен іргелес. Сондықтан тәжірибені зерделеу және біздің бөлімшелерді дайындау біз үшін өте маңызды. Таулы-орманды жерлерде жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу өте маңызды аспект», – деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті.
Одан басқа, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстандағы жауынгерлік даярлық курстарында қырғыз әскери қызметшілерін даярлау мәселесі аяқталу кезеңінде тұрғанын хабарлады. Жылдың соңына дейін келісімшартқа Бас штаб бастықтарының орынбасарлары деңгейінде қол қойылатыны және 2016 жылдан бастап Қазақстанда қырғыз әскери қызметшілерін дайындау басталатыны жоспарлануда.
Сөз соңында қорғаныс ведомстволарының басшы-
лары Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Қырғыз Республикасының 64 әскери қызметшісі дайындықтан өтіп жатқанын атап өткен жөн. Оның 2-уі – офицер-тыңдаушы, 62-сі – курсант. 1998 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында барлығы Қырғызстан Қарулы Күштерінің 186 әскери қызметшісі білім алды. Олардың 29-ы – офицер-тыңдаушы, 157-сі – курсант.
«Егемен-ақпарат».

Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 22:51
Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды
Медицина • Бүгін, 22:24
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Оқиға • Бүгін, 21:54
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 21:26
Мереке • Бүгін, 21:00
Президент стенд атудан әлемдік рекордты жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады
Президент • Бүгін, 20:56
Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды
Есірткі • Бүгін, 20:15
ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46