Турнирдің басты жекпе-жегінде еліміздің танымал боксшысы, жартылай ауыр салмақтағы WBA Asia нұсқасында алтын белбеу иегері Әли Ахме-дов (24-2, 17 КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22 КО) айқасты. Бәсеке басынан аяғына дейін жерлесіміздің басымдығымен өтті. Әли қарсыласын қуып жүріп сабады десе де болады. Алайда ауыр-ауыр соққылар алғанына қарамастан, Миледзи жекпе-жектің соңына дейін шыдады. Нәтижесінде төрешілердің шешіміне жүгінуге тура келді. Қазы-лардың барлығы да жеңісті бірауыздан Ахмедовке берді.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) армениялық Андраник Григорянмен (15-3-1, 4 КО) күш сынасуға тиіс еді. Алайда қарсыласы Алматыға келмеді. Оны дереу өзбекстандық Абдулло Қошқаровпен (6-0, 5 КО) алмастырды. Алайда көршілес елден келген боксшы бұл бәсекеге дайын болмай шықты. Сойлыбаевтың жойқын соққыларына шыдамаған Қошқаров екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Қос саңлақтан бөлек, Бауыржан Бекмұрзаев, Кенже Мұратұлы, Александр Ковригин, Рамзан Саитов, Дамир Әбдіқа-дыр, Нұржан Серікбаев сынды жерлестеріміз де жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
АЛМАТЫ