Фото: gov.kz
Айгерім есімді қала тұрғыны 2025 жылғы 28 қараша күні кесір тілігі көмегімен босанған. Салмақтары 1300 – 1500 грамм аралығында болған нәрестелер алғашқы тәулікте қалалық перзентханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған.
Ал 5 қаңтар күнгі жағдай бойынша сәбилер 2300 грамға дейін салмақ қосқан. Қалалық перзентхана мамандары қазіргі таңда нәрестелер мен ананың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде үшем өмірге сәтті бейімделіп, қалыпты дамып келеді.
Айта кетейік, 2025 жылы Шымкент қаласында 27 457 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 286 егіз және 5 үшем бар.
Бұған дейін Ақтөбе, Қызылорда облыстарында үшем дүниеге келгенін хабарлағанбыз.
Ал Алматының туған күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келген еді.