АТР рейтингінде 298 орында тұрған ардагер теннисші алғашқы екі айналымда жеңіске жетті. Тұсаукесер кездесуінде ол франциялық Маэ Малижені 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Келесі кезеңде Кукушкин германиялық Кристоф Негриту Мионың тас-талқанын шығарды. Есеп 6:2, 6:1.
Ширек финалға шыққан жерлесіміз енді америкалық Кэннон Кингсли мен ұлыбританиялық Элистор Грей арасындағы бәсекенің жеңімпазымен шеберлік байқасады.