Фото: іnbusiness
Ал олар өз кезегінде қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына аударады.
Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына – 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына – 78 060 өтініш орындалған.
Жинақ иесі есеп шотындағы қаржының бір бөлігін немесе толық пайдалануға құқылы. Ал пайдаланылған сома есепшотында қала береді.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдалану бағытында азаматтардың басым бөлігі одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтырған (19,27 млн АҚШ долларына 124 490 өтініш орындалды). Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу бойынша 145,39 мың АҚШ долларына – 999 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу бойынша (түпкілікті есеп айырысу) – 108,64 мың АҚШ долларына 757 өтініш орындалған.
Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?
Білім беру ақысын төлеу шеңберінде жинақ иелерінің басым бөлігі елімізде орналасқан оқу орындарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге жұмсаған (11,03 млн АҚШ долларына 71 025 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымын толықтыру бойынша 608,47 мың АҚШ долларына – 4 933 өтініш орындалған. Шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге 1 706 өтініш беруші 228,32 мың АҚШ долларын жұмсаған.
Ал өткен жылдың инвестициялық кіріс табысы 18 жасқа дейінгі азаматтарға 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей аударылады.
Бұл ретте 2008 жылы туған, 2026 жылы 18 жасқа толатын отандастарымыздың нысаналы жинақтау шоттарына да қаржы аударылады.
Айта кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер enpf.kz сайтында жарияланады.
«kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады», делінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2024 жыл көрсеткіші бойынша 7 миллионға жуық баланың есепшотына ақша аударылған.