Саясат • 08 Қаңтар, 2026

Трамптың немересі өз шындығын айтты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президентінің он сегіз жастағы немересі Кай Трамп Полдың 76 млн жазылушысы бар мега-инфлюенсер Логан Impaulsive подкастында жеке өмірі мен күзетшілеріне байланысты кездесетін қиындықтары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Трамптың немересі өз шындығын айтты

Кайдың сөзінше, жеке күзет әрдайым жанында жүреді, ал мұндай тәртіпке бейімделу бірден оңайға соқпаған.

«Бұл расында қиын. Күзетшілер пайда болған сәттен бастап өмір ырғағы күрт өзгергендей болды. Достармен, қыздармен еркін отырып әңгімелесіп отырғанда, артыңда бір метр жерде ірі денелі адам тұрғаны өзіңді жайсыз сезіндіреді», дейді ол.

Кай жеке өмір тақырыбын да айналып өтпеді. Оның айтуынша, кездесуге шыққанда күзетшінің жақын маңда отыруы ерекше қолайсыздық тудырады.

«Ашығын айтсам, егер ол сенен екі үстел әріде отырып бақылап отырса, өзіңді еркін сезіну қиын. Дегенмен, оған аса мән бермеуге тырысамын», деді ол.

Сонымен қатар Кай Трамп әзірге отбасы құруды жоспарламайтынын жеткізді. Қазіргі басты мақсаты − спорттағы жолын жалғастыру, әсіресе гольфқа ден қою. Кәсіби мансабындағы алғашқы қадамы сәтті болмағанымен, ол бұл бағытта дамуын тоқтатпайды.

Соңғы жаңалықтар