Фото: ratel.kz
Колледждердегі білім алушылар саны оқу жылының басында 355,2 мың адам болған. Оның ішінде 150,8 мыңы – әйелдер. Колледже оқитын студент саны Алматы қаласында ең көп – 76 мың адам, одан кейін Шымкентте – 40,1 мың және Түркістан облысында – 30 мың адам.
Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді
Биылғы оқу жылында колледждерге бірінші курсқа 133,9 мың талапкер түскен. Олардың негізгі бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары саласындағы мамандықтарды таңдаған.
Көлік жөндеу мамандығы бойынша оқуға түскендер – 9,5 мың, дәнекерлеу ісі – 5 мың, тігін ісі – 4,3 мың білім алушы.
Коллежде білім алушы шетелдіктер арасында Өзбекстан мен (1,2 мың) Ресейден (1 мың) келгендер көп.