Саясат • 09 Қаңтар, 2026

Түркі дүниесі: Экономикалық ынтымақтастық мүмкіндігі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылы Қазақстан Республикасының Одаққа төрағалығы аясында ұйымдас­тырылған Түркі сауда-өнеркәсіп пала­та­лары одағының 3-ші Бас Ассамб­лея­сы қатысушыларымен кездесті.

Түркі дүниесі: Экономикалық ынтымақтастық мүмкіндігі

Жиынға Түркі елдерінің іскерлік сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Р.Баталов («Атамекен», Қазақстан), М.Кәрімсақов (Сыртқы сауда палатасы, Қазақстан), Б.Әмреев (Түркі инвестициялық қоры), М.Башқұрт (Түркі әлемі муниципалитеттер одағы), А.Кула (Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы), В.Зейналов (Әзербайжан), М.Бакиров (Қырғызстан), М.Гурдов (Түрікменстан), А.Шайхов (Өзбекстан) және басқа да өкілдер болды.

Кездесу барысында Түркі мемлекет­тері арасындағы экономикалық ынтымақтас­тықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының жалпытүркілік экономикалық мүдделерді ілгерілету мен бірлескен бастамаларды іске асыруға арналған маңызды әрі тиімді алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталарының бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей диалог орнатуда және мемлекетаралық келі­сім­дерді нақты экономикалық жобаларға айналдыруда шешуші рөл атқаратыны сөз етілді.

Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасын­дағы инвестициялық әріптестікті дамытуға ықпал ететін Түркі инвестициялық қоры­ның жұмысын жандандыру қажеттігі талқыланды.

Түркітілдес елдердегі туризм мен турис­тік саланы дамыту, көлік-логистикалық бағыт­тарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперация, цифр­ландыру және инновациялық шешім­дерді, оның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тарап­тар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында эко­номикалық интеграцияны одан әрі нығай­туға және серіктес елдермен практикалық ынты­мақтас­тықты дамытуға дайын екенін растады.