Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жобаны жүзеге асыру – биыл Азия даму банкінің қолдауымен басталады. Айта кетейік, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
Су ресурстары саласы жыл соңына дейін цифрланады
«Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бұған дейін, XII Азаматтық форум қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде министрлік жанынан ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданған болатын.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құру туралы тапсырмасына орай елімізде Су саясатын тиімді жоспарлаудың жаңа тетігі әзірленді.