Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астанада инфрақұрылымды дамыту мақсатында тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қарқынды салынып жатыр. Бұған дейін үшінші ауыз су станциясы (ССС-3), газбен жұмыс істейтін жылыту қондырғылары, электрлі қосалқы станциясы салынып, пайдалануға берілген. Жаңа жылу көздерін іске қосу қаладағы жылу жүйесінің қуатын 34%-ға арттырған.
«Қазіргі жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатыр. Мысалы, ауа температурасы -20°С болған жағдайда жылу профициті шамамен 1500 Гкал/сағ құрайды. Жылу қуатын сақтау мақсатында 710 МВт қуатты жаңа «Тельман» газ жылу станциясын салып жатырмыз. Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде «Бағыстан» тұрғын үй кешені, Телман елді мекені және Ұлы Дала даңғылы аудандары орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Табиғи газдың пайдаланылуы экологиялық жағдайды жақсартып, Телман ауданындағы ауаның ластану деңгейін төмендетеді», деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Бибігүл Жексенбай: Астананың бас жоспарында тұрғындардың пікірі ескерілу керек
Бүгінде қаладағы ЖЭО–2-ні кеңейту бойынша дайындық басталып, ЖЭО–3-тің екінші кезегін жобалау жұмысы жүріп жатыр.
Бұған дейін қала әкімдігі Астана тұрғындарынан аулаларын жаңартуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлаған.
Еске салайық, алдағы демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.