Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.
Нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылы 17 желтоқсандағы сот шешімімен арыз қанағаттандырылды.
ТМД-да баламасы жоқ: Алматы тауларында ерекше құтқару кешені ашылды
Алматы қалалық сотының 2025 жылы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сондықтан сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз күшімен бұзды.
Айта кетейік, бұған дейін де Алматыда заңсыз салынған бірнеше нысан сүрілген.