Бұл дата еліміздегі әскери құрылымның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Дәл осы күні, 1992 жылғы 10 қаңтарда, тәуелсіз Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жүйесінде ішкі әскерлер құрылған болатын.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Ал 2014 жылы ішкі әскерлер Ұлттық ұлан болып қайта құрылды.
Бір жылдан кейін «Ұлттық ұлан туралы» заң қабылданып, оның ішкі істер органдары жүйесіндегі құқықтық мәртебесі айқындалды.
Ұлттық ұланның елордалық бригадасының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін атқарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Жаңа жылды жауынгерлік бекетте қарсы алғаны туралы жазған болатынбыз.