Фото: ашық дереккөз
Таралған базаға пайдаланушы аттары, толық есімдер, электронды пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері, ішінара физикалық мекенжайлар және өзге де байланыс деректері кірген.
Компания мұндай ақпараттың кибералаяқтар қолына түсуі нақты қауіп тудыратынын ескертеді:
«Қылмыскерлер бұл ақпаратты өзгенің атынан шығу, фишингтік науқандар жүргізу және аккаунт деректерін қолға түсіру үшін пайдалануы әбден мүмкін. Әсіресе Instagram-дағы құпия сөзді қалпына келтіру тетігін қолдану арқылы пайдаланушылардың есептік жазбаларына кіруге тырысады».
Сарапшылардың айтуынша, бұл деректер фишингтік шабуылдар, жалған хаттар тарату және аккаунттарды бұзу үшін пайдаланылуы мүмкін. Әсіресе электронды пошта мен телефон нөмірі белгілі болған жағдайда, аккаунтқа заңсыз кіру әлдеқайда жеңілдейді.
Malwarebytes қолданушыларға парольді жаңарту, екі факторлы қорғанысты қосу және күмәнді хабарламаларға жауап бермеу керектігін ұсынады.
Еске сала кетейік, былтырғы жылдың маусым айында да осындай жағдай қайталанған. Осыған қатысты құзырлы министрліктің не дейтінін, ұлттық қауіпсіздік комитетінің әрекетін Egemen.kz тілшісі тарқатып жазған еді.
Алайда ел азаматтарының жеке деректері тарап кетті деп жалған ақпарат таратқандар да болған. Сондай жағдайдың бірі Алматы мектеп оқушыларына байланысты болған.
Ал жеке деректерді расымен жария қылғандар бұдан былай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалайды.