Әлем • 12 Қаңтар, 2026

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы интернетті қалпына келтіру мәселесін талқылау үшін миллиардер Илон Маскпен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

Дүниежүзілік интернет еркіндігін бақылаумен айналысатын NetBlocks ұйымының хабарлауынша, Иранда өткен аптадан бері интернет жоқ.

Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Маскпен сөйлесетінін айтты. Себебі ол «мұндай істердің білгірі, компаниясы да өте жақсы» деп сипаттады Трамп.

Маск пен Трамп арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болған. Өткен жылы олар қоғамдық деңгейде дауласып, Маск Трамптың негізгі салық заң жобасына қарсы шыққан. Алайда осы айда олар Мар-а-Лаго курортындағы кешкі аста бір үстел басында отырған. Сонымен қатар, АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет дүйсенбі күні SpaceX компаниясының Техастағы нысанын көруді жоспарлап отыр.

Масктың Starlink спутниктік интернеті бұған дейін де қақтығыс болған аймақтарда, мысалы Украинада қолданылған.

Ирандағы наразылықтар 28 желтоқсанда бағаның күрт өсуіне байланысты басталып, кейін үкіметке қарсы акцияларға ұласқан. Иран билігі тәртіпсіздіктің өршуіне АҚШ пен Израильді айыптады. АҚШ президенті Дональд Трамптың араласу жөніндегі қоқан-лоқысына жауап ретінде Иран парламентінің спикері Мұхаммед Бағер Қалибаф Иранға қарсы кез келген әрекет америкалық базалар мен Израильге қарсы жауап шараларына алып келетінін ескертті.

Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды

Иранда «құрбандарға» арналған үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, екі апта ішінде үкіметке және экономикалық дағдарысқа қарсы өткен наразылықтар кезінде елде 500-ден астам адам қаза тапқан.

Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырды

Соңғы жаңалықтар