Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026

Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі крематорий жақын күндері іске қосылатынын хабарлады. Себебі 9 қаңтар күні Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы Әділет министрлігінде тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды

Фото Informburo.kz

Қабылданған өзгерістер крематорийдің қызметі үшін құқықтық негіз болып, ел аумағында алғаш рет заңнамалық деңгейде кремациялау рәсімін бастап, жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласының крематорийі жұмысын бастайды және санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Сонымен қатар қазір Алматы қалалық патологиялық-анатомиялық бюросының бақылау кеңесі арқылы кремация қызметтеріне бағаны бекіту рәсімі жалғасып жатыр», делінген басқарма таратқан хабарламада.

Алматыда 6 мыңнан астам жасқа психологиялық кеңес берілді

Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологиялық-анатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, Алматы тауларында ТМД-да баламасы жоқ ерекше құтқару кешені ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Ең қымбат қуаныш

Қоғам • Бүгін, 09:17

Достықты дәріптеген мюзикл

Театр • Бүгін, 09:15