Мегаполис нейрохирургтары Қытай маманының қатысуымен жамбас мүшесінде кемістігі бар 15, 17 жастағы екі жасөспірімге күрделі операцияны сәтімен атқарды.
Бұл пациенттер омыртқа жұлынында туабітті кесел бар екендігін білдіретін «spina bifida» диагнозымен дүниеге келген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, spina bifida жұлын ауруы жаңа туған әрбір мың нәрестенің 1-2-уінде ғана кездеседі.
БҰҰ: Денсаулық сақтауға инвестиция салынбаса, бұдан да жойқын пандемияға тап боламыз
Осы орайда №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров мұндай ауыр диагноз аяқтардың әлсіздігімен, салмақ түскенде ұдайы ауыртып, кіші дәрет пен үлкен дәреттің айтарлықтай бұзылуымен қатар жүретінін айтады.
Мұндай жағдайда балалар өз қатарластары сияқты жүгіріп, шапқылап ойнай алмайтындықтан, спортпен шұғылдануын шектеп, әлеуметтік, психологиялық тұрғыда да кісікиік күйге түсіреді. Оған қоса консервативті ем-дом тиімді нәтиже бермейтіндіктен, қазіргі медицина сакральды нейростимуляция орнатуға – хирургиялық жолмен емдеу әдісіне жүгінеді.
Сонымен отандық медицина тарихындағы күрделі операция кезінде жас науқастардың сегізкөзіне №2 БҚКА нейрохирургтары Данияр Сабденалиев, Азамат Жайлганов, Роза Танцарова мен анестезиолог-дәрігер Жандос Шолаховтар қытайлық профессор Гуань Юйнхуэймен бірге сакральды стимуляторды сәтімен қойды.
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталдыДенсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Науқастарды іріктеу мен стимулятордың жұмысын сүйемелдеп, баптау жұмысын атқарған невропатолог-нейрофизиолог Гүлнұр Қасенова айтуынша, отадан кейінгі науқастардың денсаулығында оң өзгерістер жүріп, зәр шығару қызметінің жақсарғаны байқалған.
Қазіргі таңда әлемнің жетекші клиникалары кеңінен қолданылатын бұл әдісті мегаполистегі ірі балалар ауруханасының бірінің қолға алуы отандық денсаулық сақтау саласындағы айтулы оқиға екендігін жоққа шығаруға болмайды. Және осындай хирургиялық көмекке мұқтаж балалардың ел қатарына қосылуына жол ашады.
Жоғары технологиялық оталар балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізілді. Еліміздегі барша балалар МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылғанын еске сала кетейік.
АЛМАТЫ