Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Алдын алу мәселелері
Аталған орталық мамандары 2025 жылы 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізген. Оның ішінде 23 885 балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берілген.
Елімізде алғаш рет педагогтерді психологиялық қолдау кабинеті ашылды
Бұл көрсеткіштер – психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жыл бойы барлық өңірде 40 мыңнан профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылған.
Мамандар 9 мыңнан астам
Бүгінде білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек, күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңай байланыс орталығы арқылы көмек алуға болады.
250 мыңнан астам адам психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген