Туризм • 13 Қаңтар, 2026

Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 іріктеуінде басылым ұжымы бір жылдағы саяхаттарын қорытындылап, ерекше әсер қалдырған бағыттарды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты

Фото: vogue.com

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстан табиғи ландшафттар, аутентикалық мәдениет және қалалық ортаның үйлесімімен ерекшеленген. Бұл іріктеуге көршілес Қырғыз елі де енген.

«Әлеуметтік желідегі Reels лентасында бір жылдан астам уақыт бойы алдымнан кездесіп, маза бермеген бағытқа күзде ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жолды артқа тастап, екі рет ұшаққа ауысып мінгеннен кейін Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл ел үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ сол атаққа әбден лайық мекен», деп атап өтілген материалда.

Редакторлардың назарын Алматының сәулеті, заманауи қалалық кеңістіктер, Іле Алатауы тауларының көркем көріністері мен ұлттық асхана аударған.

Бұған дейін Италиядағы COOK журналы алты бетін Қазақстанға арнаған еді. 

Соңғы жаңалықтар