Қоғам • 13 Қаңтар, 2026

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір» орталығы деген мекеме бар. Оның міндеті зейнет жасындағы азаматтарға медициналық, сауықтыру емдік шараларын көрсетеді, көңілдерін көтеруге жағдай жасайды, деп жазады Egemen.kz.

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Мекеме  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарайды. Зейнеткерлер күн сайын осында келіп, 4 сағат бойларын сергітіп, әлеуметтік қызметтер алады. Қалада аталған орталықтың 4 бөлімшесі жұмыс істейді. Күнделікті 800-ге жуық зейнеткер мен еңбек ардагерлері осы мекемеде ем алып, демалып кетеді. 2025 жылы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы 10 мыңға жуық зейнет жасындағы азаматтарға медициналық, сауықтыру ем шараларын көрсетіп, мәдени іс-шаралар ұйымдастырыпты.   

 Киберполицейлер қарияның 39 млн теңгесін сақтап қалды

Орталыққа келген ардагерлер алдымен дәрігерлік тексеруден өтіп, содан кейін өз қалауына сай қызмет алады. Мекеме таңғы сергіту жаттығулары, фитобар, физиотерапия кабинеті, психолог кеңесі, тренажер залы, массаж, емдік дене шынықтыру, хореография, йога, бассейн, тұзды кеніш секілді сауықтыру қызметтерімен қамтылған. Сондай-ақ бейнелеу және қыш өнері де ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.

 Жетісу өңірінде ғасыр жасаған 22 қария тұрып жатыр

Мұнда зейнеткерлерден құралған өнер топтары түрлі халықаралық байқауларда жүлделі орын алып жүр. Мәселен «Жібек» әжелер би тобы Алматы қаласында өткен I Халықаралық «GOLDEN GRACE 60+» би конкурсында III орынды иеленсе, Ташкент қаласында өткен «Азия өрнектері» халықаралық фестивалінде «Қазына» би тобы I орын мен Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

 94 жастағы қария қажылыққа жинаған қаражатын сырқат балаларға бөліп берді

Соңғы жаңалықтар