Кирилл Альшевский «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы футбол клубынан хабарлады.
Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
− Кирилл Альшевский әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» (Минск) сияқты клубтарда, Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді. Оның басшылығымен борисовтік «БАТЭ» ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь Кубогының иегері ретінде маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Беларусь футболының флагманы мәртебесін растады, − деп мәлімдеді павлодарлық клубтан.
Маманның соңғы жұмыс орны − мәскеулік «Велес».
Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды
Павлодар облысы