Қылмыс • 13 Қаңтар, 2026

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында балаларымен жоғалып кеткен ерлі-зайыптының мүрдесі үйінің ауласындағы сарайдан табылған еді. Марқұмдардың мүрдесінен пышақ ізі анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ерлі-зайыптыны өліміне байланысты әр түрлі ақпарат таралып жатыр. Соның бірі – марқұмдарды тұншықтып өлтірді деген дерек.

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

«Ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бар. Пышақты тығу арқылы жарақат салған. Полиция қызметкерлері марқұмдардың мүрдесін сот-медициналық сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысынан кейін марқұмдардың өліміне не себеп болғаны жөнінде нақты мәлімет беріледі», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Ал сот-медициналық сараптаманың қорытындысы қашан дайын болатыны белгісіз.

Бұған дейін Атырауда жоғалған отбасының күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар