Тексеріс барысында тұрғынның қаруды құжатсыз сақтап келгені анықталып, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен заңсыз қару ұстаған азамат екі жылға шартты жазаға кесілді.
1895 жылы жасалған, сабы ағаш, заты темір, өздігінен атылатын неміс тапаншасы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің музейіне қойылды.
ХІХ ғасырдың соңғы жылдарындағы атыс қаруының ерте үлгілерінің бірі ретінде бағаланып отыр. ХХ ғасырдың түрлі оқиғаларын бастан кешірген, күтіп ұсталған қару тарихи-мәдени құндылығы бар зат ретінде музей экспозициясында көрнекі орын алған. Алайда тәркіленген қарудың осы күнге қалай жеткені, қалай сақталғаны туралы толық ақпарат жоқ.
Ақтөбе облысы.