Заң • 14 Қаңтар, 2026

Заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі 9–12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді

Фото: polisia.kz

Министрлік мәліметінше, іс-шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару, 2 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген.

Сондай-ақ 14 криминалдық қару табылған. Оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны, ал алтауы бұрын жоғалған қару екені анықталды.
Іс-шара барысында шалғайда орналасқан шаруа қожалықтарын тексеру де назардан тыс қалмаған. Полицейлер шаруа қожалықтардан 70 атыс қаруын тапқан.
«Қару» жедел іс-шарасы барысында ел тұрғындары 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырған.

ІІМ заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салып отыр.
Бұған дейін де Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтап, қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақты тапқанын хабарлағанбыз.

Ал Көлік прокуратурасы, полиция, көлік бақылау инспекциясы және «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлесе ұйымдастырған жедел-профилактикалық іс-шара барысында елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30