Есірткі • 14 Қаңтар, 2026

Қарағанды тұрғыны әкесінің пәтерінде қарасора өсірген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз есірткі өсіру дерегін анықтады. Тексеру барысында 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен арнайы жабдықталған шағын жылыжай әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды тұрғыны әкесінің пәтерінде қарасора өсірген

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, пәтер ішінде үй жағдайында өсірілген қарасора бұталары табылған. Алдын ала дерек бойынша, аталған өсімдіктер пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Күдіктінің айтуынша, ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырған. Өсімдіктерді күтіп-баптау үшін арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылған.

Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қарасора бұталары тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Соңғы жаңалықтар