АСТАНА. 12 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Алматыда өткен ойында есеп ашылған жоқ. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Негізгі нәтиже тең болғанымен статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан айтарлықтай басым болды. Матч барысында футболшыларымыз 12 мәрте қақпаға соққы бағыттаса, қонақтар 6 мәрте Стас Покатиловтың иелігін нысанаға алды. Ал қақпаға тура жасалған соққы көрсеткіші бойынша нәтиже тең (1:1).
Бұрыштама добы бойынша алаң иелері айқын басымдық танытты. (12:0). Ал допқа иелік ету көрсеткіші – 65%-35%.
Бүгінде Буркина-Фасо құрамасы ФИФА рейтингінде 66-орында тұр. Юрий Красножан жаттықтыратын ұлттық құрамамыз 133-сатыда келеді. Алайда, Африка құрлығының өкілдері Қазақстанға негізгі құрамын әкелген жоқ.
Осымен ұлттық құрамамыз қатарынан екінші рет тең ойнады. Футболшыларымыз бұған дейінгі соңғы кездесуін Ресей құрамасына қарсы өткізген еді. Ол матчта да есеп ашылмағаны есімізде.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 12 маусымда 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Түркияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ, 16 маусымда кезекті жолдастық кездесуі үшін тағы бір Африка құрлығының өкілі – Кабо-Вердеге қарсы алаңға шығады. Аталған екі ойын Алматыда өтеді деп жоспарлануда.
Қазақстан – Буркина-Фасо 0:0
12 мамыр. Алматы. Орталық стадион.
Төрешілер: Равшан Ирматов, Джахангир Саидов (екеуі де Өзбекстан), Баһадүр Қошқаров (Қырғызстан).
Қазақстан: Стас Покатилов, Сергей Малый, Азат Нұрғалиев (Бауыржан Исламхан 60), Марк Гурман, Абзал Бейсебеков (Санат Жұмаханов 81), Таңат Нөсербаев (Сергей Хижниченко 78), Дмитрий Шомко, Ренат Абдулин, Георгий Жуков (Алексей Щеткин 70), Самат Смақов, Ұлан Қонысбаев (Тимур Досмағамбетов 74).
Буркина-Фасо: Мохамед Баилу, Компаоре Моумоуни, Паро Уссоуф, Симпоре Саид, Оуттара Максим, Гуимбо Эссане (Сано Аляссоу 55), Савадого Херманн (Сонье Якуба 60), Силла Мохамед (Траоре Эрик 82), Дивара Бану, Каборе Омар (Мофоссо Трезор 79), Фоуссени Беао.
Ескерту: Силла Мохамед 28.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kff.kz.

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
58 орын: Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30