АСТАНА. 12 тамыз. Мемлекет басшысы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде кедендік бақылаудың доғарылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы кедендік бақылау Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт ережелері негізінде доғарылды. Елбасы шара барысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің маңыздылығын, мұның Қазақстан мүддесіне сай келетінін және екі республиканың экономикалық өзара ықпалдастығы аясын одан әрі кеңейтуге септігін тигізетінін атап өтті.
«Елдеріміздің арасындағы кедендік шекараны ашу – екі мемлекеттің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын, өзара сауданы жандандыратын айтулы оқиға. ЕАЭО аясында қол жеткен уағдаластықтың шарттарын орындай отырып, біз бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру бағытында ілгерілей түсетін боламыз. Мен бұдан нақты оң нәтижелер көретінімізге сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтардағы күрделі ахуалға қарамастан, біздің елдеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты табысты дамытып жатқанын, Қырғызстанның түрлі салаларын дамытуға Қазақстан 1,5 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын айтты.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауданы одан әрі ұлғайту үшін әлі пайдаланылмаған резервтер бар екеніне назар аударды. «Атап айтқанда, электр энергетикасы, көлік, байланыс, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ туризм сияқты көптеген салаға мультипликативті ықпал ететін бағыттарда ынтымақтастық күшейтілетін болады.
Қазіргі уақытта сыртқы нарықтарда дағдарыс құбылыстары байқалуда, бұл тауар айналымын төмендету арқылы біздерге де әсер етпей қоймайды. Бірақ одақ аясындағы қызмет келешекте экономикалық көрсеткіштердің өсуіне алып келеді және халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қырғызстанның тұрақты әрі бейбіт дамуына тілектестік білдірді.
А.Атамбаев ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастықты одан сайын нығайта түсетініне сенім білдіріп, болашақта бауырлас халықтарымыздың арасында ешқандай шекара болмауы тиістігін атап өтті.
«Ыстықкөл облысының тұрғындары үшін бүгін елеулі күн – Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыдан қашықтықты екі есе қысқартатын, мейлінше төте жол салу туралы идеяны қолдады», – деді Қырғызстан басшысы.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 12 Тамыз, 2015
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кедендік бақылау доғарылды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10