Фото: Астана әкімдігі
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, ол осы уақытқа дейін 853 кітап оқып, Астана қаласы мектептері бойынша тіркелген ең жоғары нәтижеге ие болған.
«Алтынай қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен танымдық шығармаларды еркін оқиды. Сонымен қатар ол француз тіліндегі кітаптарды да меңгеріп жүр», дейді мектеп кітапханасының меңгерушісі Шапира Сәрсембекқызы.
Шет тіліндегі кітаптарды Алтынайға ата-анасы Ұлыбританиядан алдырады екен. Оқушы қыздың өзі шет тіліндегі кітаптарды дүниетанымын кеңейту, тілдік қабілетін дамыту мақсатында алдыратынын айтады. Кітапқұмар қыз төрт тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі кітаптарды еркін оқиды.
Бүгінде ол мектеп кітапханасындағы барлық кітапты толық оқып шығыпты. Сондай-ақ үйінде жеке үлкен кітапханасы да бар екен. Осыншама кітап оқыған Алтынайдың кітапқұмарлық қасиеті нағыз үлгі.