Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Компания бұл бастамасын соңғы жылдары ғарышқа жүк шығару құнының айтарлықтай арзандауымен байланыстырады. Бұған, ең алдымен, SpaceX қызметінің ықпалы зор. Алдағы уақытта нарықтағы бәсеке күшейіп, оның ішінде Blue Origin және өзге елдердегі қайта пайдаланылатын зымыран жобаларының есебінен ғарышқа ұшу одан әрі арзандайды деп күтіледі.
Ғарышқа турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова алған әсерін бөлісті
GRU Space өкілдерінің айтуынша, ғарыш қазірдің өзінде бай адамдар үшін туристік бағытқа айналып келеді. Алғашқы кезеңде қонақүйлер туристермен бірге Ай бетіне жеткізіледі. Олар екі-төрт адамға арналған үрлемелі модульдер болады. Егер жылына үш рейс орындалса, бір турист үшін сапар құны шамамен 416 мың долларды құрайды.
Кейінірек компания неғұрлым күрделі құрылымдар салуды жоспарлап отыр. Бұл нысандарды тұрғызу кезінде Жерден жеткізілетін материалдармен қатар Айдың өз бетіндегі ресурстар да пайдаланылмақ. Сан-Францискодағы Бейнелеу өнері сарайының сәулетінен шабыт алған мұндай қонақүйлер 10 қонақты қабылдай алады. Бұл жағдайда жолдама бағасы 83 мың долларға дейін төмендеуі мүмкін.
Технологияларды сынақтан өткізуге арналған дайындық ұшулары 2029 және 2031 жылдарға жоспарланған. Компания осы сынақтар сәтті өткен жағдайда Ай туризмі жаңа индустрияға айналады деп үміттенеді.