Әлем • 15 Қаңтар, 2026

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран өз әуе кеңістігі ұшып келетін және ұшып шығатын рейстер үшін толықтай ашылды. Елдегі әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz iribnews Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

Иранның Азаматтық авиация ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта әуе рейстерін орындауға қатысты ешқандай шектеу жоқ. Елдің әуе кеңістігі халықаралық транзиттік рейстерді де, ұшып келу және ұшып шығу рейстерін де қабылдап отыр.

Жолаушыларға әуежайға бармас бұрын өз рейстері туралы өзекті ақпаратты 199 арнайы анықтама желісі арқылы нақтылап алу ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар әуе компаниялары, соның ішінде Air Astana, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ұшу бағыттарын өзгерткен болатын.

Авиатасымалдаушы сол кезде жолаушыларға Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстердің Иран аумағын айналып өтетінін, сондай-ақ ұшу және қону уақытының өзгеруі мүмкін екенін ескерткен еді.

Атырауда FlyArystan ұшағы жолақтан шығып кетті: 166 жолаушы эвакуацияланды

Бұл мәселеге қатысты FlyArystan әуе компаниясы да мәлімдеме жасады. Тасымалдаушының хабарлауынша, Иранның әуе кеңістігіндегі жағдай 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған екі рейске әсер еткен:

  • Атырау – Доха

  • Ақтау – Дубай

Компания өкілдері қазіргі уақытта аталған рейстерді Иран әуе кеңістігін айналып өтетін баламалы бағыттармен орындау мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын айтты.

Жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін әуе компаниясының ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан өз бетінше тексеру ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар