Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Айдағы қонақүй

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2032 жылы Айда алғашқы қонақ­үй ашылады. Бұл жоспарды америка­лық «GRU Space» компаниясы жариялады.

Айдағы қонақүй

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жоба авторларының айтуынша, нысанға керек негізгі материалдар Жерден тасымалданбайды. Роботтандырылған жүйе Айдағы бар ресурстарды пайдаланып, «кірпішті» сол жақта өндіреді. Жоба шартында сапар құны бір адамға шамамен 416 мың доллар деп көрсетілген. Айға дейінгі арақашықтық 384 мың шақырым, ал ұшу уақыты шамамен үш тәулікке созылады. Ұйымдастырушылар туристерді SpaceX немесе Blue Origin секілді компаниялар тасымалдауы мүмкін екенін айтты. Бұдан бөлек, мамандар Айда жол және өзге де қажетті инфрақұрылым салу мәселесін қатар қарастырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар