Өнім • Кеше

Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары­ның ба­ғасы былтырғы деңгейінде сақталып отыр. Әрі бұл тауар­­лар­дың тізбесі қайта қаралып, қатарға жаңа өнімдер қосылды.

Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ

Сауда және интеграция ми­нистрлігінің хабарлауын­ша, биыл 4 қаңтардан бастап, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазір ол 31 атауға көбейді. Халық көп тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қатарына енді қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, сиыр еті, тауық, жылқы еті мен қатты ірім­шік
қосылды.

Бұл өнімдерге бекерден бекер әлеуметтік маңыз беріліп отырған жоқ. Мұндай өнімдер – елдің ең көп тұтынатын та­уарлары. Олардың бағасын өсі­руге шектеу қойылады. Сон­дықтан баға бақылауға алынады. Әлеуметтік маңызды өнім­дердің бағасына 15 пайыздан аса сауда үстемесі қосыл­ған жағ­дайда сатушыға алдымен ескерту жасалады, одан кейін тағы қайталаса, айыппұл салынады.

Ұлттық статистика бюросы­ның деректеріне сүйен­сек, жаңа жылдың алғашқы аптасындағы ахуал бо­йынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 0,2 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне сәйкес келеді. Ол кезде де көрсеткіш 0,2 пайыз деңгейінде тіркелген. «Биыл аталған көрсеткіш кеңейтілген тауарлар тізбесін ескере отырып қалыптасқанын атап өткен жөн. Ең бастысы, азық-түлік өнімдерінің құны өскен жоқ, баға тұрақты тұр», делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдерінің сө­зін­ше, кеңейтілген тізбе­ге ен­ген бірқа­тар жаңа тауар түрі керісінше 0,1–0,5 па­­йыз ара­лығында арзанда­ға­ны бай­­­­­қалған. «Баға шамалы тө­­­мен­­десе де бұл ба­ғаны тұ­рақ­­­тан­дыру үдерісінің бастал­ға­нын, аз уақытта алғаш­қы жақ­сы нәтижеге қол жеткізе бас­таға­нымызды көрсетеді. Мыса­лы, жеміс, көкөніс өнім­дері бойынша алма бағасы – 0,5 пайызға, қияр мен қызанақ 0,4 пайызға арзандады. Бакалея өнімдері сегментінде қатты және жартылай қатты ірімшіктердің бағасы – 0,3 пайызға, қара шай – 0,2 пайызға төмендеді. Сондай-ақ ет және балық өнімдері тобы бойын­ша баға 0,1 пайызға арзандады, ал сүт өнімдері ішінде қаймақ ба­ғасы­ның 0,1 пайызға арзандаға­ны тіркелді», дейді министрлік өкіл­дері.

Бағаны тежеу мақсатында жыл басынан бері сау­да нысандарында тұрақты монито­ринг жасалып, биз­нес өкіл­деріне ақпараттық-түсін­діру жұмысы қолға алынған. Жақында Сауда және интеграция ми­нистрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Даулен Кабдушев жергі­лікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірле­сіп, елор­да­дағы базарларда баға мо­ни­торингіне шолу жасап, са­тушыларға түсіндіру жұмыс­тарын өткізді.

«Осындай жұмыстарды өңір­лердегі әріптестеріміз де қолға алды. Қазір сатушыларға бұрын ӘМАТ тізбесінде бол­маған жаңа тауарлар тізімге енгенін түсін­діріп айтып жатырмыз. Бұл дегеніңіз, Сауда комитеті тарапынан тізімге қосылған тауарлардың сауда үстемесіне мемлекеттік бақы­лау жүргізіледі деген сөз. Қол­даныстағы заңнамаға сәй­кес әлеуметтік тауарларға қойы­латын ең жоғары сауда үстемесі 15 пайыздан ас­пауы керек», дейді Д.Кабдушев. 

Соңғы жаңалықтар