Заң мен Тәртіп • 18 Қаңтар, 2026

Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдердің бірі зейнеткерлерге арналған дивиденд туралы жарнаманы интернеттен көрген. Кейін толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген

− Сілтемеге өтіп, дивиденд туралы ақпарат алдым. Сол күні өзін инвестициялық компания менеджері ретінде таныстырған әлдебір азамат менімен байланысқа шықты. Олар маған дивиденд рәсімдеуге көмектесетінін айтты. Қуанып кетіп, әпкеме өз табысын ұлғайту туралы хабарладым. Сөйтіп екеуіміз көрсетілген есепшотқа 10 миллион теңге аудардық, − дейді жапа шеккен Екібастұз тұрғыны.

Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан

Алайда кейін жіберген ақшасының көбеймегенін көрген әйелдер алданғандарын түсініп, полицияға жүгінген. Қазір алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қылмысқа қатысы бар тұлғаларды іздестіріп жатыр.

Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады

Алаяқтардың алдау тәсілдері күн сайын қарқын алып жатқанына қарамастан адамдар олардың құрығына жиі түсіп қалады. Сол себепті полицейлер күдікті хабарламаларды ашпауға, сілтемелерге өтпеуге, жеке мәліметтерді өзге тұлғаларға таратпауға, күдікті есепшоттарға ақша аудармауды сұрайды.

Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55