Мамандардың айтуынша, тағам рационында әрбір рет 50 грамм өңделген ет қосылған сайын ауруға шалдығу қаупі 18 пайызға өседі. Бұл шұжық өнімдерінің құрамындағы нитриттер мен нитраттарға байланысты. Аталған заттар асқазанда нитрозаминдерге айналады.
Сонымен қатар ет өнімдерін ыстау кезінде немесе қуыру барысында түзілетін канцерогендер де қауіпті арттыра түседі.
Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің (IARC) зерттеуінше, шұжық, сосиска және сүрленген шошқа еті (ветчина) канцерогендердің бірінші тобына жатады. Сондай-ақ өңделген етті жиі тұтыну миокард инфарктісі мен инсульттің пайда болу ықтималдығын арттырады.