Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңірдегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Болашақ ана бастапқыда перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған.
Алып бала: ШҚО-да салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді
Ультрадыбыстық зерттеу барысында сәбидің болжамды салмағы шамамен 6,5 келі деп анықталған. Осыған байланысты дәрігерлер кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
– Сәби – атыраулық тұрғынның алтыншы перзенті. Ота сәтті өтті, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.