Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026

Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы полиция департаменті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін 155 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін жүйелі түрде бұзып келген, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Фото: polisia.kz

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіріп, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған. Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған. Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биыл да жалғасқан.

2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?

Қазір жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылған.

91 мәрте жол ережесін бұзған

Бұған дейін Талдықорғанда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50