Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің ардагерлері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина, алматылық жедел құраманың басшылығы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.
Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Салтанатты жиында сөз сөйлеген 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник Мақсат Баймағұлов жас сарбаздарды маңызды тарихи сәтпен құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
– Бүгін әскери бөлімде ерекше әрі маңызды оқиға болып отыр. Жас сарбаздардың әскери ант қабылдауы – біз үшін мәртебелі күндердің бірі. Осы сәт өмірлеріңізде мәңгі есте сақталатынына сенімдімін. Бүгіннен бастап сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары қатарына ресми түрде қосылдыңыздар. Енді ел тыныштығын сенімді қорғап, әскери борыштарыңызды адал атқарыңыздар. Ұлттық ұланның атын, оның бай әскери дәстүрін абыроймен жалғастыру – сіздердің басты міндеттеріңіз, – деді бригада командирі.
Осылайша, жас жауынгер курсынан өткен және әскери ант қабылдаған сарбаздар бүгіннен бастап еліміздің заңдылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бір сапта қызмет ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы оңтүстік астананың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ мегаполистегі қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады.
Ант берген сарбаздар жақын арада Алматы көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кіріседі.