Айбын • 19 Қаңтар, 2026

Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтарға несие рәсімдеуге тыйым салынбақ. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, деп жазады Egemen.kz

Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?

Фото: Ашық дереккөз

Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасындағы мәлімет алмасу тәртібі айқындалған. Бұл тетік әскерге шақырылған сарбаздарға қарыз төлемін кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыруға және жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның мерзімді әскери қызмет өткеруі не қызметтен босатылуы жөніндегі деректерді көрсетуге бағытталған.

Мерзімді әскери қызметшілер жұмысшы кәсіптерін игереді

Қаулы жобасына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш түскен кезде шақыру жасындағы азаматтың мәртебесін кредиттік есеп арқылы тексеруге міндеттеледі.

«Егер кредиттік есепте азаматтың мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны туралы мәлімет болса, несие беру жөніндегі өтініш кері қайтарылады», делінген құжат.

Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Жоба «Ашық НҚА» порталында 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Бұған дейін Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібіндегі жаңалықтар жөнінде түсіндірме берген.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55