Тұлға • 19 Қаңтар, 2026

Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті. Іс-шараға Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кеш барысында ақынның патриоттық және лирикалық әндері орындалды. Атап айтсақ, «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Сен мұңыңды бер маған», «Өкінбе сен» және басқа да туындылары шырқалды. Барлық әндерді облыстық симфониялық оркестр мен «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі сүйемелдеді.

Шөмішбай Сариев 300-ден астам өлең жазып, 15 кітап шығарған. Ол қазақ әдебиеті тарихында Ираклий Абашидзе, Ольга Берггольц, Андрей Дементьев, Роберт Рождественский, Луиш де Камоэнс және өзге көптеген ақындардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған дарынды аудармашы ретінде де лайықты бағасын алды.

Гала-концерт өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, ақын шығармашылығын көпшілікке насихаттады. Кеш соңында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55