Фото: Қайрат ФК
Ойынның 32-минутында Александр Станкович есеп ашты. Бірнеше минуттан кейін Ханс Ванакен тағы бір гол соғып, қонақтардың басымдығын арттырды. Бірінші таймда алматылықтар қарсылас қақпасын бұза алмады. Екінші тайм да Қазақстан командасы үшін сәтсіз өтті. 74-минутта Ромео Верман гол соқса, 84-минутта Брэндон Мехеле есепті ірілендірді.
Дегенмен, матчтың соңында, 92-минутта Әділет Садыбеков «Қайраттың» жалғыз голын соғып, есепті қысқартты.
Матч 1:4 есебімен аяқталды.
Қазіргі уақытта«Қайрат» бір ұпаймен турнир кестесінің соңында тұр. 29 қаңтарда алматылық команда Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын лондондық «Арсеналға» қарсы өткізеді.