23 жастағы футболшы алматылықтардың негізгі командасында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол команда сапында 88 матч өткізіп, 8 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Садыбеков «Қайратпен» бірге екі мәрте Қазақстан чемпионы (2024, 2025) атанып, Суперкубокты (2025) жеңіп алды.
2022 жылы «Қайрат» түлегі Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді (0:3). Жалпы Садыбеков ұлттық құрама жейдесінде 5 матчқа қатысып, 1 гол соққан.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жетінші туры аясындағы «Брюггеге» қарсы матчта Садыбеков алматылықтардың жалғыз голының авторы атанды (1:4).
Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Transfermarkt порталы футболшыны 500 мың еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы 20 қаңтарда елордадағы «Астана Арена» стадионында «Қайрат» пен Бельгиялық «Брюгге» командасы ойын өткізді. Матч 1:4 есебімен аяқталды.