Спорт • Бүгін, 09:05

Жарыс күнделігі

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нидерландтың Вейк-ан-Зее қала­сында шымылдығы түрілген шахмат фестивалінде Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп жатыр. Тұсаукесер кездесуінде америкалық Энди Вудфорды ұтты. Екінші партияда әзербай­жандық Айдын Сулейманлымен ұпай бөлісті. Одан кейін де аргентиналық Фаустино Орамен тең түсті. Бұл ойыншылардың барлығы да ФИДЕ рейтінгінде қазақ қызынан жоғары тұр. Үшінші турдан кейін Бибісара жарыс кестесінде екінші орында тұр. Тағы алты шахматшының нәтижесі дәл сондай. Көш басында – Сулейманлы. Ол 2,5 ұпайды олжалап отыр.

Жарыс күнделігі
  • Түрлі жас ерекшеліктері бойынша Бахрейн астанасы – Манамада өткен WTT Youth Contender турнирін еліміздің үстел теннисшілері үш жүлдемен қорытын­дылады. U11 санатындағы бәсекеде Адель Вебер күміс­пен күптелсе, Қадырғали Қабды­луахитов пен Нұрислам Қасым жұптық сайыстарда қолаға қол жеткізді.
  • Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік клубтарының рейтингін жариялады. Мықтылар көшін Францияның ПСЖ-сы бастап тұр. Париждіктерді Мадридтің «Реалы» мен Лондонның «Челсиі» өкшелеп келеді. Еліміздің чемпионы – «Қайрат» бұл тізімде 235-орында тұр. «Астана» 692, «Тобыл» 710-сатыға тұрақтады.
  • Шайбалы хоккейден Ыстанбұлда өтіп жатқан қыздардың екінші дивизиондағы командалар арасындағы әлем біріншілігінде еліміздің құрамасы Латвияны 9:1 есебімен ойсырата ұтты. Матчта София Муравьева хет-трик жасаса, София Зубкова мен Рената Лившиц дубль авторы атанды. Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова бір-бір голдан соқты. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде жерлестеріміз Жаңа Зеландияның 13:2 есебімен тас-талқанын шығарды.
  • 28 жастағы танымал бразилиялық футзалшы, Либертадорес кубогінің иегері Игор Кариока Алматының «Қайратымен» 1,5 жылдық мерзімге келісімшартқа отырды. Бұған дейін өз елінде, Испания мен Италияның белді командаларында жасындай жарқылдаған әмбебап ойыншы кейінгі кездері Сан-Паулудың «Коринтиансының» құрамында болды. Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 7-турында есе жіберді. «Астана арена» стадионында алматылық команда ойыншылары Бельгияның «Брюгге» клубынан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Матчтың 32-минутында Александр Станкович есеп ашса, Ханс Ванакен – 38, Ромео Вермант – 74, Брендон Мехеле 84-минутта еншілеріне гол жазып, есепті еселеді. «Қайрат» сапынан Әділет Сәдібеков 90+2-минутта есеп айырмасын қысқартты. Алматылық жас ойыншы алаңға 76-минутта шықты. «Қайрат» Чемпиондар лигасында қатарынан төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Сөйтіп, жеті турдан кейін бір ұпай ғана олжалаған Рафаэль Уразбахтиннің командасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айрылды. Соңғы турда алматылықтар 28 қаңтарда «Арсенал» (Лондон, Англия) командасына қарсы сырт алаңда ойнайды.
  • 5-7 ақпан аралығында Италияның Турин қаласында рапирамен семсерлесуден Гран-при додасы өтеді. Апеннин түбегінде София Ақтаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов сынды нояндарымыз өнер көрсетеді.
  • Тольяттиге (Ресей) сапар шеккен «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Ладамен» кездесті. Жерлестеріміздің жарыс кестесінің ең соңғы орнында келе жатқан командаға әлі жетпеді, айдын иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 
Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15