«Вашингтон пост» газеті жазғандай, АҚШ-қа эмиграциямен баратындар санының төмендеуіне Мексикамен арадағы шекараның жабылуы, виза берудің шектелуі, көшіп келушілерге көрсетілетін көмектердің тоқтатылуы әсер еткен. Осының бәрі Ақ үй басшысы Дональд Трамп жүргізген саясатының нәтижесі.
Ресми статистика бойынша өткен жылы Құрама штаттарға 10 мың мен 295 мың арасында адам көшіп барған. Сонымен бірге АҚШ-тың Көші-қон және кеден департаментінің заңсыз жүрген азаматтарды ұстап, елден шығару жұмыстары да эмигранттар санын күрт азайтқан. Сарапшылар келешекте көшіп баратындар санының төмендеуі АҚШ-тың экономикасы мен демографиясына кері әсерін тигізетінін мәлімдеді.
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді
Сондай-ақ Құрама штаттарға кіретін адамдарды шектеу жұмыс күшінің жетіспеушілігіне, өңірлік өнім көлемінің азаюына, тұтынушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқтыратынын айтты. Осы орайда экономистер 2026 жылы АҚШ-қа эмиграция жасайтындар былтырғы кезбен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатынын болжап отыр. Сарапшылар дерегінше алдыңғы президент Джо Байден тұсында АҚШ-қа жылына 2-3 млн адам көш түзейтін болған. Бұл Американың Ковид-19 пандемиясынан кейін тез аяққа тұрып кетуіне жәрдемдескен. Осы ретте Д.Трамптың қазіргі көші-қон саясаты эмиграция мәселесінде жаңа бетбұрысты кезең ретінде қабылданады.
АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатты: Созылмалы аурулары бар өтініш берушілерге талап күшейді