Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау – Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен науқастардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты

Қазіргі уақытта Бейнеу аудандық ауруханасында түрлі жарақат алған 7 науқас ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың барлығының жағдайы тұрақты. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі науқастардың хал-жағдайын сұрап, медициналық көмектің сапалы әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сапар барысында Нұрдәулет Қилыбай жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына арнайы барып, қайғырып көңіл айтты.

Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді

Айта кетейік, 16 қаңтарда республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан адам шығыны тіркеліп, бірқатар азамат түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.

СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес медициналық көмекті күшейту мақсатында ауданға санитариялық авиация желісі арқылы білікті профильдік жоғары санатты мамандар тобы жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар жанынан жедел штаб құрылды.

Алматы маңындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Соңғы жаңалықтар