Экономика • 23 Қаңтар, 2026

Макронның көзілдірігі компанияны байытты: iVision Tech акциясы 28 пайызға өсті

31 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Франция президенті Эмманюэль Макрон Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда таққан авиатор көзілдірігі күтпеген жерден қор нарығында серпін туғызды. Президенттің образы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көзілдірік өндіруші iVision Tech компаниясының акциялары бір күнде шамамен 28 пайызға өсті, деп жазады Egemen.kz.

Макронның көзілдірігі компанияны байытты: iVision Tech акциясы 28 пайызға өсті

iVision Tech тобы француздық премиум санаттағы Henry Jullien брендінің иесі. Компанияның мәліметінше, Макрон таққан модель − Pacific S 01. Аталған көзілдіріктің ресми сайттағы бағасы 659 еуро, яғни шамамен 770 доллар.

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Компания бас директоры Стефано Фульчир Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде:

«Бұл жағдай акцияға шын мәнінде таңдай қақтырарлық әсер берді», деді. Оның айтуынша, акция бағасының өсуі нәтижесінде италиялық компанияның нарықтағы капитализациясы шамамен 3,5 млн еуроға, яғни 4,1 млн долларға артқан.

Макронның сырт келбетіне қатысты мемдер мен пікірлер әлеуметтік желілерде қарша жауды. Көпшілік оны 1986 жылы жарық көрген Top Gun фильміндегі Том Круздың бейнесімен салыстырды. 

сурет

Тіпті АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп та бұл тақырыптан тыс қалмады.

трамп

Президенттің кеңсесі көзілдіріктің жабық ғимаратта тағылуын көздегі қан тамырының жарылуымен байланыстырды. Алайда көзілдіріктің нақты бренді ресми түрде расталмады. Соған қарамастан, Стефано Фульчир бұл Henry Jullien өнімі екеніне күмәні жоқ екенін айтып, аталған көзілдірікті Макронға 2024 жылы өзі жолдағанын жеткізді.

Миланда тіркелген компанияның акциялары сәрсенбі күні алдымен шамамен 6 пайызға өсіп, кейін сауда автоматты түрде тоқтатылған. Бейсенбі күні GMT уақытымен 11:15 шамасында қайта саудаға түсіп, көп ұзамай тағы да тоқтатылды. Нәтижесінде акциялар бір күндік өсім бойынша компания тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындады.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум алаңында тағылған бір аксессуардың өзі нарықта осындай әсер тудырды. Бұл жағдай саясат, стиль және қор нарығының қалай тоғыса алатынын айқын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар