Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Кітап сатып алудың соңы қаржыңыздан айырылуға соғуы ықтимал

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітап сатып алудың соңы қаржыңыздан айырылуға соғуы ықтимал

Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.

«Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.

Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.

Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту», делінген Қостанай облысы әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеліп соғуы мүмкін.

Ал, осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары – кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық.

Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?