Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде тараған боксшы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалға байланысты жауап берілді. Бұл туралы пікірін боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

Фото: gov.kz

Боксшы әдеп нормаларын сақтап, арандатушылыққа ермейтінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол бұл мәселенің толықтай қаралып, жабылғанын мәлімдеді.

«Мен мемлекеттік қызметкермін және өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасын сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолданбауды үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы білемін, барлық іс-әрекетім үшін жауапкершілікті сезінемін. Сол себепті арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толықтай жабылды» деп жазды С.Сәпиев.

Айта кетейік, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандыда самбодан және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері әрі өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалғаны туралы хабарланған.

Соңғы жаңалықтар