Фото: zakon.kz
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және күндіз көктайғақ болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда да көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, орталығында қар, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жезқазғанды тұман басады.
26-28 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Алматыда 26-28 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. 26-28 қаңтарда Қонаевты түнде және таңертең тұман басып, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында желдің екпіні метр секундына 15-ке жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең қар, бұрқасын болжанғар. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін ұйытқиды. Таразда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар борап, бұрқасын болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Түркістанда тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Қызылордада тұман, күндіз көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және күндіз қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында түнде және күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Талдықорғанда түнде кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Павлодарда қар жауып, бұрқасын болады, тұман түседі.